"Мамандығым мақтанышым"

Дата публикации: 01.12.2019

Жасимбекова Бану Какимовна, Воспитатель
Город Нур-Султан, Республика Казахстан

Тәрбиеленушілердің қоғамдық өмірде өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, өмірге, болашаққа деген сенімдерін бекіту.

Посмотреть публикацию
Скачать свидетельство о публикации
Ваш диплом готов. Если у вас не получается скачать диплом, открыть его или он содержит ошибки, просьба написать нам на электронную почту orgkom@limpopokonkurs.ru (обязательно укажите номер публикации в письме)


Қақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының “Қарлығаш” балабақшасының

тәрбиешісі: Жасимбекова Бану Какимовна

“Балаларға берілген жүрек” (эссе)

Бүгінгі күні жас ұрпақты өз елін,жерін сүйетін, ұлтының салт-дәстүрі мената-бабадан қалған асыл мұраларын қастерлейтін, ардақтай білетін етіптәрбиелеу- бала тәрбиесінде жүрген әрбір ұстаздың басты міндеті.Бұл міндетті орындау жолында аянбай еңбек етіп,ізденіп,әр бала санасына ізгілік нұрын сеуіп,жиған-тергенінбала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті білдіреді.Мен өмірде өзімнің тәрбиеші мамандығын таңдағаныма мақтанамын...Себебі тәрбиеші болу кез келген адамның қолынан келе бермейді.Тәрбиеші атына айтылған жылы сөзді естудің өзі бір ғанибет емес пе?!Оны жүрегіңмен және жан тәнімен сезіне аласың.Бүлдіршіндермен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін №30 «Қайнар» балабақшасына келгенімде түсіндім.Өзім көп балалы отбасында өсіп, ата-анамнан жақсы тәлім - тәрбие алғандықтан болар, тәрбиешілік мамандығын таңдадым. Осы мамандығыммен мақтанамын, қуанамын.Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» - демекші, қоғамға мен де бір кішкентай пайдалы үлесімді тигізіп жатқан сияқтымын. Бүлдіршіндерге білім беріп қана қоймай,тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» -деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін, шығармашылық ұстанымы жоғары қасиет, тек тәрбиешіге тән қасиет.Таңдап алған мамандығым қиын күрделі, әрі қызығы мол.Балалармен бірге ата-аналармен қоса жұмыстар жасайсың, қазіргі таңда алдыңа келген жас ата-аналардың көбісі тілге шорқақ, бірақ өмірде өздерінің тіл жағынан жіберген қателіктерін дер кезінде түсініп, қазақ балабақшаларына, қазақ топтарына балаларын әкелгенде қуанасың.Алдыңа келген баланы бауырыңа басып, басынан сипап, еркелететін кезде еркелетіп, ақыл айтып, жан дүниесін түсінуге тырыссаң, олар да жақын көріп, анасы сияқты сырын айтып, өз балаңдай боларына күмән жоқ.Кейде жұмыстан келгенде қатты шаршағанымды сеземін.Алайда балалармен күні бойы өткізген күнді талдай отырып, олардың маған деген ықыласын, үміт толы көздерін,тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем шаршағанымды сол сәтте-ақ ұмытамын. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету,олардың ой- сезімдерін анық,еркін,көркем жеткізе алуға баулу,танымдық қаблеттерін дамыту-тәрбиешінің мақсаттарының бірі.Мен жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақыттарымды өмірімдегі ең бір бағалы,әрі бақытты кездерім деп есептеймін.Күнделікті кішкентай бүлдіршіндеріміздің қуанышын, ата-аналардың бақытты жүздерін көру мен үшін бір ғанибетАл,қазіргі заманғы тәрбиеші қандай болу керек?Менің ойымша біріншіден: ол баланың жанын түсінетін қамқоршы, заманауй білімді,мейірімді,сабырлы, еңбекқор, кішіпейіл, шығармашыл өзін баламен теңұстайтынтұлға. Тәрбиешінің жұмысының алға басуы оның шеберлігіне байланысты екенін жақсы түсіндім.Тәрбиешінің шеберлігі - бұл балалардың ыңғайын табудың жаңа жолдарын іздестіру, оларға ықпал ету.Тәрбиешінің міндеті-тәрбиеленушілердің қоғамдық өмірде өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, өмірге,болашаққа деген сенімдерін бекіту.Халқымыздың мынандай даналық сөзі бар: «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» - демекшібаланы өсіріп азамат етіп шығару үшін қаншама шыдамдылық,жауапкершілік,ізденіс, уақыт керек.Сондықтан олардың білімді, тәрбиелі, ұлтжанды, халқын сүйетін азамат болып өсуі, біздер тәрбиешілер үшін үлкен міндет, онымен қоса мәртебе деп ойлаймын.


Уважаемые участники, просьба оплачивать диплом только со страницы со своим результатом.

Если вы оплатите на другой странице - диплом не будет сформирован автоматически и вам придется подождать 24 часа пока мы найдем ваш платеж и диплом будет сформирован редактором.